Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек 3 баласын тастап Сирияға кетіп қалған

Ақтөбелік азамат Мирболат Жаманқұлов Сирияға кеткен келіншегі Ақмарал Алмағамбетованы із-түссіз жоғалды деп тануды сұрады. Ол келіншегінен ажырасуды мақсат етіп отыр.

1477556290_1

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны 29 жастағы Аймағамбетова осыдан үш жыл бұрын «Алматыға барамын» деген желеумен үйінен кетіп қалған. Үш баланың анасы сол кеткеннен отбасына қайта оралмады. Жұбайын күткен Жаманқұлов №2 қалалық сотына арыз түсіріп, келіншегін із-түссіз жоғалды деп тануды сұрады. Оның айтуынша, Аймағамбетова хабарсыз кетіп, кейін өзінің Сирияда жүргенін, жағдайының жақсы екенін айтып, телефон шалған.

«Азаматтық іс бойынша арызданушы Мирболат Жаманқұлов жергілікті, республикалық газетке, ақпараттық порталдарға келіншегі Ақмарал Аймағамбетованың із-түссіз жоғалғанын айтып хабар беруі қажет. Қандай да бір ақпарат білетін адамнан үш айда сотқа хабар беруі сұралады»,- деді судья Гауһар Оралбай.

Айта кетейік, заң бойынша арызданушы өз қаржысына жұбайы Аймағамбетованың жоғалғаны туралы хабар беруі тиіс. Егер бұл уақытта хабар болмаса, із-түссіз жоғалды деп танылып, ажырасуға мүмкіндік беріледі.

Жіберіп алмаңыз:

Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен жақындаспау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Қоғамда шет елдік атауларды қазақ тілінде дұрыс айту мен жазу туралы пікірталас жүріп жатыр

 

Талқылау