Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер түрлі-түсті тұшпара шығаруды қолға алды

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында тұратын кәсіпкер Нұрлыайым Балмағанбет түрлі-түсті тұрпара шығара бастады. Бұл кәсіпкердің өзіндік ерекшелігі. Осы арқылы кәсіпкер тамаққа тәбеті жоқ балаларды қызықтырып, оларды ауқаттандыруда қиындыққа кезігетін ата-аналар мен бақша тәрбиешілерінің жұмысын жеңілдетпек.

яя

Бұл туралы Bnews.kz сайты хабарлайды.

«Кеңқияқ ауылында түрлі-түсті тұшпара шығарылады. Бұл Темір ауданының ешкімге ұқсамайтын, өзіндік «мені» деп айтуға болады. Идея балабақшадағы балаларды тамақтандыру, оларды ауқаттандырудан туды. Қазір балалардың тәбеті жоқ, тіпті ас ішпей, сусын мен жартылай фабрикаттарды жеп жүруге әуес. Міне, осыны жойып, табиғи таза өнімнен тұшпара шығарып жатыр. Қызыл түс қызылшаның, ал сары түс сәбіздің суы»,- дейді Темір аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Есенбол Жолдығарин.

Айта кетейік, кәсіпкер Күлән Жаманова 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге несие алып, кәсібін бастаған. Анасы өмірден озып, қазір бұл бизнесті қызы Нұрлыайым Балмағанбет жалғастырып жатыр.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысы, Темір ауданында биыл жылына 40 тонна ет өңдейтін шағын шұжық цехын, жылына 90 тонна сүт өңдейтін екі сүт фермасын салу жоспарда бар. Сонымен қатар, сыйымдылығы 200 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы салынады.

Талқылау