Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер сот төрағасынан көрген қысымы туралы жайып салды

Ақтөбелік кәсіпкер әйел әкішілік сот төрағасы мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысынан қысым көргенін жайып салды. Айтуынша, судья өзіне балағаттаған. Мұнан кейін санитар мамандар тексеріс жасап, ісін сотқа жіберген. Артынша судья мен шенеунік істі шешу үшін Әсемгүл Балқыбаеваны қайта-қайта кездесуге шақырып, мазасын алған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбелік кәсіпкер сот төрағасынан көрген қысымы туралы жайып салды

Әсемгүл Балқыбаеваның сөзінше, бір ай бұрын өзінің жеке меншік балабақшасына қатысты әкімшілік іс сотқа жетіпті. Содан бері сот төрағасы Амангелді Қалмұханбетов оны кездесуге шақырып, маза бермеген. Өз сөзінде кәсіпкер судьядан балағат естимін деп ойламағанын айтады.

Ақтөбелік кәсіпкердің сөзінше, ол сот төрағасы ғана емес, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшынан да қысым көруде. Аманжол Өтеғалиев балабақшаны бір айда 6 рет тексертіп, үстінен 3 рет шағым түсіріпті. Кәсіпкер әйелдің айтуынша, артынша Өтеғалиев мәселені шешуге көмектесетінін айтып, соңынан қалмапты.

«Танымайтын адамға хабарласып мені боқтайтындай кім ол? Мені шақырып алып үстімнен хаттама толтырып отырып, осы шаруаны қалай шешуге болатынын айтуын қалай түсінуге болады?  Шындық қайда? Заң қайда?» – дейді Әсемгүл Балқыбаева.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманжол Өтеғалиев бұл мәселеге қатысты пікір білдіргісі келмеді.

Бүгінде Әсемгүл Балқыбаеваны балағаттаған судья Амангелді Қалмұханбетовке қатысты тергеу жүргізілуде.

«Азаматша Балқыбаевадан Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Қалмұханбетовтің іс-әрекетіне шағым келіп түсті. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізілуде. Судья Қалмұханбетов кезекті еңбек демалысында», – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Сот төрағасы мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты қызметтік тексерістің нәтижесі қашан шығатыны белгісіз.

Кәсіпкер әйелдің балабақшасында санитарлық талаптардың орындалмауына байланысты айыппұл салынған екен. Ендігі Әсемгүл сот шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірмек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау