Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбелік кәсіпкер сегіз балалы отбасыға үй алып берді 

Ақтөбеде кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. 47 жастағы Салтанат Сәдуованың 8 баласы бар. Олардың екеуі мүгедек екен. «Алтын алқа» иегерінің күйеуі де екінші топтағы мүгедек. Сондықтан олар қиын жағдайда күн кешіп жатқан, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбелік кәсіпкер сегіз балалы отбасыға үй алып берді

47 жастағы «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуованың отбасында сегіз бала болса, олардың екеуінің мүгедектігі бар, жолдасы да екінші топтағы мүгедек. Отбасы осыдан біраз жыл бұрын балаларының сырқатына байланысты Әйтеке би ауданынан Ақтөбеге көшіпті. Облыс орталығында баспаналары болмағандықтан олар төрт жыл бойы пәтер жағалап жүрген. 

Таяуда «Ақтөбеқұрылысэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов Сәдуовтер отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп, үй алып берді. 

«Осы қуанышты сәтті біз төрт жыл күттік. Міне қамқор жандардың, облыс басшылығының арқасында біздің өз пәтеріміз бар. Жасталап Жанбауов – жерлесім, өзі де көп балалы отбасында өсті. Көмегі мен қамқоры үшін алғыс білдіремін»,- деген сегіз баланың анасы көз жасына ерік берді.

Ал Жасталап Жанбауов кәсіпкерлерді мұқтаж жандарға ұол ұшын созуға шақырды. 

 «Осындай қайырымды істен ешкім тыс қалмауы керек. Біздер, кәсіпкерлер мұқтаж жандарға қолдан келген көмегімізді аямағанымыз жөн. Бизнес өкідері бұл бастамаға қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді деп сенемін. Әріптестерім, бірнеше құрылыс компанияларының басшылары да көмек қолын созуға әзір. Кәсіпкерлерді қоғамдық іске қолдан келген үлестерін қосуға шақырамыз»,- дейді кәсіпкер. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр