Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік депутат үйінен табылған ақшаның 5 сағат бойы саналғанын мойындады

Қамауда отырған Ақтөбенің атақты байы сотта ақырғы сөзін айтты. Атышулы Мейіржан Өндіргеновке мемлекеттің 4 жарым миллиард теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ,  ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалаумен айналысқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Бірақ 3 айға созылған сот кезінде облыстық мәслихаттың экс-депутаты тағылған айыптың бірін мойындамады. Керісінше өзінің сүттен ақ, судан тазамын дейді. Қазынадан бөлінген ақшаға зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі қоғамдық көлікте тегін тасып, бір тиынын да иемденбепті.

Ал үйінен табылған ақшаны тергеушілердің арнайы аппаратпен 5 сағат санағанын жоққа шығармайды. Өйткені 2 миллион доллар мен бір миллионанан астам еуроны қолма қол ұстаған екен. Бүгін еркін көсілген ақтөбелік алпауыт жақындары мен әріптестерінен кешірім сұрады.

“Мен қылмыскер емеспін. Мен бюджеттің де, өзгенің де ақшасын ұрлаған жоқпын. Ақша бопсаламадым”, – дейді сотталушы Мейіржан Өндіргенов.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбенің атақты байы Мейіржан Өндіргенов алғашқы сотта көңілді отырды

Ақтөбелік атышулы депутат 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Талқылау