Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік өзіне ота жасату үшін жұма сайын мешіттің алдында қайыр сұрап жүр

Ақтөбелік Дәурен Демисанов өзіне ота жасату үшін жұма сайын мешіттің алдында қайыр сұрап жүр. Жиырма сегіз жастағы жігіт екінші топтағы мүгедек, бала күнінен екі аяғынан жүре алмай қалған. Енді Астанадағы ғылыми орталыққа барып, аяғына ота жасатқысы келеді. Бірақ оған жігіттің жағдайы келмейді.

Снимок экрана (101)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Екі балдаққа сүйенген бұл азамат жұма сайын мешіттің алдынан көрінеді.  Қайыр тілеп, қол жаймағанымен жанарын төмен салып, мешіт алдында күн ұзағына отырады. 28 жастағы Дәурен Демисановтың дәрменсіздігін байқағандар, өздері садақа беріп, тиын-тебен тастап жатады. Ал кейбірі тіпті Дәуренді танып алған.

«Арттарынан қуып, қол жаюға ұяламын. Сұрамаймын да олай. Өздерінің шын ниеттерімен келіп, көмектесіп жатқаны ғой. Рахмет оларға», – дейді тұрғын Дәурен Демисанов.

Дәуренге жуырда Ақтөбеде ота жасалып, аяғының бақайларын кесіп, түзеткен. Ал екінші аяғын ақтөбелік дәрігер тек кесіп тастамасақ, түзетуге келмейді деген екен. Аяқтан кімнің айырылғысы келеді? Сондықтан, Дәурен Астанадағы “Жарақат және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына” барып емделуді көздейді. Тек барып кеңес алып келудің өзіне екі жүз мыңдай ақша керек дейді. Ал, Дәурен тек оның елу мыңын ғана жинапты.

«Ғылыми зерттеу орталықта консультацияның өзі бір врачқа 2500 дейді. Жолың бар, жататын жерің бар. Өзімнің жағдайым келмей отыр», – дейді тұрғын Дәурен Демисанов.

Ал науқас жігіт  емделіп жүрген Ақтөбедегі аурухана дәрігерлері “Науқас бізді түсінбей қалған. Егер ол Астанаға емделгісі келсе, емі тегін болады”,- деп отыр.

«Негізінде науқас Астана қаласында емделгісі келсе, біз құжаттар дайындап, оған арнайы квота бөліп бере  аламыз. Оған жолы, ауруханадағы емі мен ота жасату барлығы тегін болады», – дейді Ақтөбе қалалық диагностикалық №3 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Шынар Төлешова.

Былтыр Дәурен отбасын құрған. Қазір сегіз айлық ұлы бар. Екінші топ мүгедегі ретінде алатын зейнетақысы күнкөрістен артылмайтын көрінеді. Оның үстіне қарт ата – анасының да сырқаты ауыр екен.

 

 

Талқылау