Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік дәрігерлер өздеріне бронды кеудеше сұрады

Ақтөбе қаласының дәрігерлері өздеріне бронды кеудеше берулерін сұрады. Соңғы оқиғалар әскери адамдарға ғана емес, дәрігерлерге де күшті қорғаныс керектігін көрсеткен.

image

Фото: matritca.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақтөбелік дәрігерлер қарқынды жұмыс істеп, оқиға орнында көмек көрсетуге мәжбүр болыпты. Бронды кеудешелерге қатысты мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ.

“Кей мемлекеттерде бронды кеудешелер мен қару-жарақтар бар. Алайда қаруды қарсы тарап тартып алып, оны дәрігердің өзіне бағыттауы мүмкін”, – дейді Литва жедел жәрдем Ассоциациясының басшысы Нериус Микелонис.

Дәрігерлер әрбір шақыртуға қорқып баратындығын айтып жатыр. Себебі бұл ланкестердің шақыртуы болуы мүмкін. Ал әзірге дәрігерлерге бронды кеудеше беру мәселесі шешіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыздар:

Ақтөбеде террористер тығылған үйдің тұрғындары атыстан қалай қашқандарын айтты

Ақтөбедегі лаңкестерді ұстаған арнайы операция туралы тың деректер пайда болды

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылды (видео)

 

Талқылау