Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік бұрынғы полицей ІІД басшыларын сотқа берді

Ақтөбелік 23 жастағы экс-полицей Нұржан Таңатаров өзінің ішкі істер органдары қатарынан еш кінәсіз қуылғанын айтып сотқа шағымданбақ. Оның айтуынша,өзі екі мәрте әкімшілік полиция басқармасы басшысы орынбасарының “өтінішін” орындаудан бас тартқан.

полиция

Бұл туралы”Диапазон” порталы жазған.

Нұржанның айтуынша, ол алғашқы жағдайда Toyota Camry көлігіндегі жүргізушіні телефонмен сөйлескені үшін тоқтатқан. Тексеру барысында белгілі болғандай, шетелдік көлікті тізгіндеген жігіт рөлде телефонмен сөйлесіп қана қоймай, спирттік ішімдік те ішіп алған екен.

Оның құжаттарын алып, хаттама толтырмақ болған сәтте мас жүргізуші анасының облыстық ІІД-де қаржы бөлімін басқаратынын айтып қорқытқан. Араға бірнеше минут салып, Нұржанға рота командирінің орынбасары телефон арқылы хабарласып, айыпты көлік жүргізушісін дереу босатуын талап еткен. Заңсыз талапты орындамаған полицейге ақыры мас жүргізуші жұдырық алып жүгіріпті. Екеуара болған төбелестен кейін Таңатаровты басшылары жұмыстан қуған.

Экс-полицей қазіргі таңда прокуратураға арыз жазып, бұрынғы қызметіне қайта тағайындауын талап етіп отыр.

Талқылау