Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару «Серебро» тобының әншісі атанды

«Serebro» тобы құрамына жаңа әнші қосылды. Топ құрамына кірген әнші – Ақтөбелік бойжеткен Татьяна Моргунова. Ол топтан кетіп қалған Полина Фаворскаяның орнына келді.

Ақтөбелік қыз күрделі кастингтің бірнеше кезеңінен өткен.

Татьяна келесі жылдан бастап топ құрамында өнер көрсете бастайды.

«Serebro тобы 2018 жылы осындай құрамда өнер көрсететін болады. Топ қатарына қосылған әнші – Татьяна Моргунова. Алдағы жылы көптеген қызық жаңалықтар болатынына уәде береміз. Менің тағы бір маңызды жаңалығым бар. 2017 жылдың соңына дейін Полина топ құрамында қалады», – деп жазады Максим Фадеев.

Татьяна 19 жаста. Оның Ақтөбе қаласында тұрғаны белгілі болды. Мектеп бітіргеннен кейін Санкт-Петербургке кетіп, ол жақта фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Serebro — 2006 жылы продюсер Максим Фадеев құрған ресейлік поп әншілер тобы.

Оқи отырыңыз:

Дәл Африкадағыдай: Қазақстан жолдары ең қауіпті саналатын мемлекеттер қатарына кірді

Ресейлік әйел әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізу үшін, баласын жылдар бойы аш ұстап келген

Пугачева мен Галкин некелерін қиды (видео)

Әлемге танымал әншіге күнбағыс бейнеленген көйлегі үшін Қытайға кіруге тыйым салынды

Талқылау