Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік боксшы Рио Олимпиадасында Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын болды

Ақтөбе бокс мектебінің түлегі Камран Шахсыварлы олимпиада лицензиясын иемдененіп, Бразилия жеріне аттанып кетті.

thumb_20160729010727840

Сурет: 1news.az 

Бірақ Рио-2016 ойындарында ол Қазақстанның емес, тарихи отаны Әзірбайжан елінің намысын қорғайды. Жеке бапкері Болат Арынғазиевтың айтуынша, Камранға Ақтөбе жерінде еш жағдай жасалмапты. Сол себепті жаттықтырушы оған Әзербайжан намысын қорғауға кеңес берген. Камран Шахсыварлы Әзірбайжан елінің ұлттық біріншілігін жеңіп алып, бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарған. Ал олимпиадалық жолдаманы лицензиялық турнирде жеңіп алған.

Естеріңізге салайық, тағы бір ақтөбелік боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиада ойындарында Маңғыстау облысының атынан сыңға түседі. Ал Ақтөбе жерінің намысын бұл жарыста тувалық Артас Сана мен дүнген жігіт Фархат Харкилер қорғайды.

Жіберіп алмаңыз:

Рио олимпиадасына 1,5 млн билет сатылмай қалды

12 жыл бұрынғы Афинада өткен олимпиада ойындарынан кейінгі алаң (фото)

Теннисші Олимпиада ауылындағы Қазақстан құрамасының тұрақтаған үйін көрсетті (видео)

Қазақстанның  Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға  қанша төлейтіні анықталды

Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті

Талқылау