Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік балалар қарияларға сый-сыяпат жасады

Ақтөбеде «25 қайырымды іс» акциясы шеңберінде қайырымдылық шарасы өтті. Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің тәрбиленушілері қарттар мен мүгедектерге арналған интернат тұрғындарына концерт қойды.

e900f1011ff2aff299607a1e015b451b_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қамкөңіл қариялар балалар ұйымдастырған қолөнер көрмесін де тамашалады. Онда балдырғандар салған суреттер мен қолдан жасалған түрлі бұйымдар қойылды. Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйі 2010 жылдан бері кішкентай ақтөбеліктерге қызмет көрсетіп келеді.

Мұнда балалар бос уақытын тиімді өткізетін 40-тан астам үйірме бар. Қайырымдылық шарасына 600 бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында демеушілердің көмегімен қарияларға сый-сыяпат жасалды.

“Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар мен балалардың бойында патриоттық тәрбиені ояту және адамгершілік тәрбиеге баулу, бір-біріне деген сүйіспеншілікке баулу. Сонымен қатар бұл концерт осы балалардың жылуын, өздеріне сыйлаған шаттық сезімдерін сездіру мақсатында ұйымдастырылып отыр”, – дейді балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйі директорының орынбасары Дәмеш Бекбергенова.

Талқылау