Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік азамат 20 күн бойы құлдықта болып, екі бірдей аяғынан айырылып қалды

Ақтөбеде 20 күн бойы ай далада қонып, адам төзгісіз жағдайды басынан өткізген азамат қорқынышты күндерін баяндап берді. Құлдықтан әрең қашып құтылдым деген Есенбол Дүйсенов өзін Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде қорқытып ұстағанын айтады.

Ақтөбелік азамат 20 күн бойы құлдықта болып, екі бірдей аяғынан айырылып қалды

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазір дәрігерлер құлдықтан қашамын деп үш апта бойы аязды күнде далада қалған 48 жастағы азаматтың екі аяғын бірдей кесіп тастады.

Құлдықтан қашып, 20 күн бойы жапан түзде өлместің күнін кештім деген азамат екі аяғынан бірдей айырылып, аурухана төсегінде жатыр. Ол осы жылдың ақпан айында бір адамдармен сөйлесіп, шаруа қожалығына мал бағуға келісіпті. Шаруа қожалығының басшысы айына отыз мың теңге жалақы беремін деп сендірген екен. Малды ауылға барғаннан кейін қожайыным не ақша, не ішер тамақ, не киерге киім де бермеді дейді. Есесіне күнде таяқпен ұрып, қорқытып жұмсағанын айтады. Есенбол Дүйсенов ақыры құлдықтан қашып құтылыпты.

“Үшінші ақпаннан бастап наурыздың жиырма үшіне дейін жұмыс жасадым. Мен айттым жібер мені дедім. Кетіп бара жатыр едім келесі күні снегоходпен қуып алып келді. Таяқпен ұрды. Қолым ісіп, көгеріп кетті. Басымнан ұрды. Аяғымнан ұрды”, – дейді Есенбол Дүйсенов.

Ал інімізді жоғалтып алдық деген туыстары жан-жаққа іздеу салыпты. Тіпті, бақсы-балгерлерге дейін барыпты. Жұмагүл Жаймішеваның айтуынша қамыстың арасын паналап, шөппен қоректенген бауырын сәуірдің сегізі күні геологтар тауып алған.

“Геологтерге рахмет. Тауып, бізді Хромтауға шақыртты. Хромтауға ауруханаға әкелген де тастап кеткен олар. Үстінде киімі жоқ. Мен барғанда он вообще голый лежит. Қорқып кеткен ғой адамдар. Бетінен бет жоқ. Мынау енді қалай болады? Екі аяғын кесіп тастады. Міне, адамды зәбірлеп, ұрып, мүгедек қылды”, – дейді Есенболдың әпкесі Жұмагүл Жаймішева.

Дәрігерлер жиырма күн бойы аязды күндері далада жүріп қалған азаматтың аяғын үсік шалған дейді. Осыдан бес күн бұрын оған ота жасалып, екі аяғы да балтырдан кесілгенін айтады.

“Үсіктің төртінші дәрежесі, ол уже аяқты сақтап қалу мүмкіндігі жоқ. Үсіп кеткен қатты. Сондықтан ампутация операциясын жасауға тура келді”, – дейді Ақтөбе облыстық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұрлан Әбішев.

Облыстық ішкі істер департаменті қазір осы оқиғаға байланысты Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімінде «Адам сату» және «қауіпті жағдайда қалдыру» баптары бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқанын айтады. Ал азапты құлдықтан қаштым деген Есенбол Дүйсеновтің туыстары іс жылы жабылып қалмаса екен деп уайымдап отыр.

Есенбол Дүйсеновтің басынан өткізген қиындығы ешкімді бейжай қалдырмайды.

Тағы оқыңыз: 

ШҚО-да адам қағып өлтірген әкім орынбасарының ісінде тағы бір шенеуніктің аты аталды

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)

ШҚО-да өз нәрестесін өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Талқылау