Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Ақтөбеде, Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионаты кезінде заңсыз жұмыс істеген букмекерлік кеңселердің мүлкі тәркіленіп жатыр. Салықшылардың жаппай тексеріс жасауына тұрғындар тарапынан шағымның көбейіп кетуі де себеп болыпты. Тіпті, кірістер басқармасының басшылығына ұлының қалтасындағы соңғы тиынына дейін бәске тігіп жіберегенін айтып, көмек сұрап келген аналар да болған. Астыртын жолмен пайдаға кенелгісі келген жалған «кәсіпкерлерге» қандай шара қолданылады?

Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Букмекерлік кеңселерден тәркіленген мүліктер қоймаға әкеледі. Рейд кезінде мобильдік топ салық органдарында тіркелмей-ақ, кәсібін заңсыз дөңгелетіп отырған 20-ға тарта кеңсені анықтапты.

«Мына көріп тұрғындарыңыз екі мекеменің тәркіленген заттары. Мұнда телевизор, букмекерлік кассалар, мониторлар, тағы басқа заттар бар. Қазір мұның барлығына салық органдарымен хаттама толтырылып, әрі қарай қалалық әкімшілік сотқа жіберіледі» – дейді қалалық кірістер басқармасының бас маманы Асылбек Әлиев.

Ақтөбелік әйел күйеуінің футболдан ӘЧ кезінде несие алып бәс тіккенін айтып ашынды

Мобильдік топ мүшелерінің рейд өткізуіне соңғы уақытта ойын автоматтары орналасқан нысандарға қарақшылық шабуылдың көбейгені де себеп болған. Әрі бесіктен белі шықпай жатып бәс тігетін, ойын автоматтарын жағалайын жасөспірімдердің артуы да алаңдатып отыр.

«Әлем чемпионаты кезінде бізге арыз-шағым өте көп түсті. Тіркелмеген Букмекерлік кеңселер осылай жұмыс жасап жатыр. Иә болмаса, қала тұрғындары кәмелеттік жасқа толмаған балаларының ойын залдарында жүргендігін айтып, соларды тексеруімізді сұрады. Заңсыз ставкалар қойылады дегендер» – дейді қалалық кірістер басқармасының бас маманы Асылбек Әлиев.

Чемпионат басталғанда қашан аяқталады екен деп дегбірі қашқандардың бірі Жанна. “Күйеуімнің футболға қызығушылығы, командаларға бәс тігуі жас отбасымыздың ең үлкен мәселесіне айналарын білмеппін дейді” ашынған ол.

«Әлем чемпионаты бітуге қалды ғой, міне сол кезде жолдасымның коимандаларға ақша тігетінін білдім. Ең көп дегенде, мысалы, 200 мыңға дейін кредит алып, салған кездері болды. Қаншама жас отбасылардың семьясын бұзып, осындай ставкілер қою арқылы банкрот болып, кризис болып жатқандар көп. Букмекерлік кеңселердің жабылуын қолдаймын” – дейді қала тұрғыны Жанна.

Ауадан ақша жасап, кәсібін заңсыз дөңгелеткендердің қанша шығын келтіргені жуырда анықталатын болатын болады. Ал, талап бойынша әр касса мемлекетке ай сайын 700 мың теңге төлеуі тиіс екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау