Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік ана баласына “екі” қойған мұғалімді сотқа берді

Ақтөбе қаласындағы №35 мектеп оқушысының анасы, баласына "екіні" қонжитқан мұғалімді сотқа берген. Оқушының анасы өзінің отбасына мұғалімнің моральдық шығын өтеуін талап етіп отыр.

photo_177658
Сурет pavon.kz сайтынан алынды
Бұл туралы rikatv.kz сайты хабарлайды. Мектеп басшылығына ол ата-ана ретінде, мұғалім туралы шағым айтқаннан кейін, баласының күнделігіне нашар баға қойылған. Сосын мұғалім әлгі балаға "енді сенің анаң директорға арыз жазбайтын шығар" деп айтқан. Ұстаздың осы әрекетінің кесірінен, баланың көңілі жабырқау тартып, тіпті музыка мектебіндегі үлгерімі де төмендепті. Ұстазбен ұрысқан ана, енді шағымды прокуратура мен қалалық білім бөліміне жолдаған. Бұл жағдайды қарау үшін, арнайы комиссия құрылған. Ал, мектеп оқушысы өзін басынған мұғалімнің сөздерін диктофонға жазып алыпты. Анасының айтуынша, осыдан соң жетінші сыныпта оқитын ұлына әлгі мұғалім қысым көрсетуін жалғастырған. Бірде сабақ үстінде тақтаға шығарып, тапсырма береді. Есеп шығаруға қиналған баланы "...ал диктофонға жазуды білесің" деп мұқатқан. Күн сайынғы мұғалім тарапынан көрсетілетін кекетуші сөздер мен қысымға шыдамаған бала қа раша айынан бастап математика сабағына барғысы келмейтінін айтқан. Алайда, ол сыныпқа басқа мұғалім келіп, жағдай өзгереді. Бала болса, жаңа мұғаліммен тез тіл табысып, тіпті алгебраға деген құлшынысы оянған. Музыкалық мектептегі үлгерімі де жоғарылаған. Енді, соңына дейін барамын деп бекінген ана, мұғалімнен моральдық шығын келтіргені үшін миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.
Талқылау