Ақтөбелік ана баласына “екі” қойған мұғалімді сотқа берді

Сәрсенбі, 17 Ақпан , 2016 8:52

Ақтөбе қаласындағы №35 мектеп оқушысының анасы, баласына “екіні” қонжитқан мұғалімді сотқа берген. Оқушының анасы өзінің отбасына мұғалімнің моральдық шығын өтеуін талап етіп отыр.

photo_177658

Сурет pavon.kz сайтынан алынды

Бұл туралы rikatv.kz сайты хабарлайды.

Мектеп басшылығына ол ата-ана ретінде, мұғалім туралы шағым айтқаннан кейін, баласының күнделігіне нашар баға қойылған. Сосын мұғалім әлгі балаға “енді сенің анаң директорға арыз жазбайтын шығар” деп айтқан.

Ұстаздың осы әрекетінің кесірінен, баланың көңілі жабырқау тартып, тіпті музыка мектебіндегі үлгерімі де төмендепті. Ұстазбен ұрысқан ана, енді шағымды прокуратура мен қалалық білім бөліміне жолдаған. Бұл жағдайды қарау үшін, арнайы комиссия құрылған. Ал, мектеп оқушысы өзін басынған мұғалімнің сөздерін диктофонға жазып алыпты.

Анасының айтуынша, осыдан соң жетінші сыныпта оқитын ұлына әлгі мұғалім қысым көрсетуін жалғастырған. Бірде сабақ үстінде тақтаға шығарып, тапсырма береді. Есеп шығаруға қиналған баланы “…ал диктофонға жазуды білесің” деп мұқатқан. Күн сайынғы мұғалім тарапынан көрсетілетін кекетуші сөздер мен қысымға шыдамаған бала қа раша айынан бастап математика сабағына барғысы келмейтінін айтқан. Алайда, ол сыныпқа басқа мұғалім келіп, жағдай өзгереді. Бала болса, жаңа мұғаліммен тез тіл табысып, тіпті алгебраға деген құлшынысы оянған. Музыкалық мектептегі үлгерімі де жоғарылаған.

Енді, соңына дейін барамын деп бекінген ана, мұғалімнен моральдық шығын келтіргені үшін миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Казирги балдар бурынгыдаи емескои ол атаананын сотка берп маралдык сураганы дурыс емес брак баланын намысынаттимеуи керек еди намысыма тидм деп озне кол жумсаса не болады болмаса мугалмдге брнарсе стесе каитер еди

  • Жұмбақ жан says:

    Қайдағы бір тоғышарла “жетелеген тазы түлкі алмайды” деп ақыл-есі кем туылған баласын дәріптеп өлгелі жүреді екен. Шыдамаса баласын үйінде оқытпай ма! Оқытушының ұрсуға, сынауға қақысы бар! Болмаса ол балалар ОРыс тілді мәңгүрттердің балалары секілді азғындап, бұзылып, қылмысқа, суицидке кетіп қалмай ма! Нағыз көк соққан ата-ана екен, баласының болашағын ойласашы!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар