Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік актер “Гамлет” спектаклін жалғыз өзі орындап шықты

Ақтөбеде облыстық театрда жалғыз актер ойнаған моноспектакль өтті.

Мұндай қойылым театрда алғаш рет қойылды, деп жазады Aktobenews.kz.

“Ақтөбеде алғаш рет «Гамлет» моноспектаклін қойдық. Бұл рөлді көп актер сомдағысы келді. Бір ғана актер бірнеше рөл сомдайды. Алты ай бойы дайындалып, ақыры сахнаға алып шықтық. Шекспирдің шығармасын ерекше бағытта көрсеттік”, – ейді режиссер Мейрам Хабибулла.

Рөлді жас актер Бағдат Телеуғалиев сомдады. Бағдат Телеуғалиев “Сахнагер – 2018” байқауында «Үміт» номинациясы бойынша марапатқа ие болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау