Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік 81 жастағы қария ағаштан түйін түйеді

Ақтөбелік 81 жастағы қария ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Өмір бойы құрылыста еңбек еткен Константин Пашаев зейнетке шыққаннан кейін қолөнермен айналыса бастаған.

Безымянный

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Жасаған әр дүниесінің мән-мағынасы бар. Тіпті, бір еңбегін Кедендік одаққа арнапты. Шебер үш елдің туы желбіреген кәдесый жасаған. Константин Георгиевич жеке кітапханасындағы 300-ден астам шығарманы оқып тауысқан. Қолынан шыққан ағаш бұйымдардың жартысы сол туындылардағы кейіпкерлер екен. Кейде қиялындағы бейнелерді сомдайды.

Бес жылда 200-ден астам дүние жасаған. Қария елде болып жатқан оң өзгерістерді қалт жібермей қадағалап отырады. Кедендік одақ құрылған кезде арнайы кәдесый жасапты. Оны қаланың көрнекті жеріне орнатуға да болады деп отыр. Жас отау иелеріне арнаған еңбегі де бар. Биік ағаштың басына неке жүзігін орнатқан. Ол отбасының беріктігін білдіреді екен. Кәдесыйлар жасауға кез келген ағашты қолданады. Тіпті, жеміс салатын ағаш жәшіктер де кәдеге асады.

“Алдымен ағашты кесіп аламын, сосын кептіремін. Ол әбден дайын болғанда жұмысты бастаймын. Сапалы бұйым жасау үшін шикізат мықты болуы керек”, – дейді қолөнер шебері Константин Пашаев.

b6c054422edf379224a4f1bb88edd474_L

Материалдың қалыңдығы мен ұзындығы да маңызды. Мысалы мына ағаш берік, сындыра алмайсың. Жасы ұлғайғанына қарамастан, өнерден қол үзгісі жоқ. Үйге қажет заттарды да өз қолымен жасай береді. Себебі шебер уақытымды бос өткізгім келмейді деп отыр. Қиялында әлі біраз дүниелер бар. Табиғатты жаны сүйетіндіктен, гүлдер мен ағаштарды, жан-жануарларды көптеп жасағысы келеді.

Талқылау