Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі жындыханада дәрігерлер емделіп жатқан әйелдің буындырып өлтірілгенін жасырмақ болған

Ақтөбедегі ақыл-есі кем адамдарға арналған интернат-үйде 32 жастағы Жазира Сарыбалинаны палатасындағы көршісі буындырып өлтірген. Алайда бұл жайтты дәрігерлер жасырмақ болған. Ендігі марқұмның туыстары жындыхана басшыларын жазалауды талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбедегі жындыханада дәрігерлер емделіп жатқан әйелдің буындырып өлтірілгенін жасырмақ болған

Ақыл-есі кем адамдарға арналған интернат-үйде емделіп жатқан 28 жастағы Марина Солдатова палатасындағы көршісін орамалымен буындырып өлтірген.Оның ісі сотқа жеткенімен, алайда ол сот отырысына қатыспайды. Әйелдің ақыл-есінде ауытқуы бар екені жазылған қағазы болғандықтан, берген жауабының күші жоқ екені де белгілі.

Әйелдің мұндай әрекетке баруына палатадағы көршісінің ыңырсып ұйқы бермеуі себеп болыпты.

«Сегізінші палатада жатқан Солдатова көршісінің ыңырсып, ұйқы бермегеніне ашуланады. Содан науқастың үстіне шығып, бетінен ұра бастайды. Керуетте ілулі тұрған жаялықты алып, аузына тыққан. Сосын орамалмен мойнынан  қылғындырады», – дейді мемлекеттік айыптаушы Дидар Әубәкіров.

Марина Солдатова ауыр қылмыс жасағанымен, оны түрмеге қамай алмайды. Әйелді мәжбүрлеп күзеті күшті мекемеде емдеуден басқа жол жоқ. Алайда марқұмның туыстары интернат-үйдің басшыларын жазалауды талап етуде. Себебі олар әйелдің ауырып өлгенін айтып, қылмысты жасырып қалмақ болған.

«Менің ренжігенім неге олар жасырғысы келді? Қасындағы ауру қыз да айтты. Олар соны жасырғысы келді. Полиция шақырмаңдар деді. Жауапқа тарту керек. Олар жасырғысы келді», – дейді марқұмның туысы.

Ал интернат-үй директоры орынбасары айыпталушының сенімді өкілі ретінде сотқа қатысқан. Алайда оның да, интернат-үйдің өзге қызметкерлердің де аталған іс жөнінде тіс жарғысы келмеді.

Палатадағы көршісін буындырып өлтірген Марина Солдатоваға қатысты сот үкімі таяуда шығады. Алайда онда тек науқастың қай жақта мәжбүрлі емдеуден өтетіні айтылады.

Ал марқұмның туыстары сотқа бөлек арыз түсірмегендіктен, олардың интернат қызметкерлеріне қатысты арызы бұл жолы қаралған жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында пойызда көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тың мәліметтер шыққанын жазған едік.

Талқылау