Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі жол апаты: Көз жұмған өзбек жолаушылардың туыстары балаларын тірі деп есептейді (видео)

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі жол апаты: Көз жұмған өзбек жолаушылардың туыстары балаларын тірі деп есептейді

Бұған дейін сот отырысының Ақтөбеге ауыстырылғаны хабарланған еді. Қаза болғандарды ата-анасы сот отырысына қатысты. Олар қазақ тілін түсінбейтіндерін айтып, аудармашы жалдауын сұрады.

“Біз ұлым Адхамжан Маруфжонов пен немерем Авазбек Маруфжонов тірі деп ойлаймыз. Немеремнің телефоны әлі қосулы тұр. Біз қорғаушы жалдаған жоқпыз. Қорғаушымыз – Алла. Қазақ тілін түсінбейміз, сондықтан аудармашы қажет. 11 адам сотқа келдік. Олардың әбір баласын жоғалтты”, – дейді жәбірленуші Юлдузджон Ғаниева.

Айта кетсек, Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобус өртіне аман қалған екі өзбек азаматы себеп болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау