Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі жалаңаш әйел ескерткіші ел назарына енді ілікті

Ақтөбедегі “эротикалық” ескерткіш ел назарын аударды. Оның да ғашықтар аллеясында тұрғанына біраз болса да, жұртшылық енді мән бере бастаған.

87d50c4bb8d3c25d28d728b21f2abece

© Анастасии Зюзина

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Бізде де әдеттегіден басқаша ескерткіштер бар, бірақ, оларды Астанадағыдай ешкім келіп көйлекпен жауып кетпейді. Қыздың үстінде ылғалды көйлек болғандықтан, бөксесі анық көрініп тұрады”, – деп жазады Фейсбук парақшасында Мария Моисеенкова есімді қолданушы.

“Немереммен бірге үнемі серуендеймін, бірақ байқамаппын. Тіпті мән де бермеймін. Әдемі ме әдемі, болды. Оған анықтап қарай да алар емеспін. Қате табам дегендер таба береді”, – дейді зейнеткер Татьяна Алексеевна.

“Мүсінді мүсін, өнер ретінде қабылдаймын. Егер, біреу сын айтса, оған ұрынарға қара таппай жүргендер шығар. Мәселен, музейге барсаңыз жалаңаш мүсіндердің небірі бар, оған ешкім сын айтып жатқан жоқ қой”, – дейді Бекжан Ибраев есімді студент.

a429c9439cd7a3fd54f6c2cdc2f7346c

Еске сала кетсек, Астанадағы жалаңаш ескерткіш те ел назарын аударып, қоғамның қызу талқысына ұшыраған еді. Көбісі оны қалыпты өнер туындысы деп санаса, біреулер қарсы шыққан. Мүсінге көйлек кигізіп тастағаннан кейін, кейбіреулер ендеше ежелгі антикалық қаһармандардың ескерткішін де киіндіруге ұсыныс жасайық деген сыңайда сын білдірген еді.

Ксения Вишенина

Талқылау