Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Министр Қасымов Ақтөбедегі қайғылы жағдайдың себебіне де тоқтала кетті. Ол мұндай бүлікке Қазақстан азаматтарын сириялық имамдар үгіттеген болуы мүмкін деп болжайды. Себебі тергеу амалдарының барысындағы куәлар мен бүлікшілердің сөзі осыған саяды екен.

актобееее

«Олар пәтерде жиналған кезде имамдары «қасиеттi джихад» жасау керек деген үндеу тастап, сол күні iске асыруды ұсынады. Әрине, олар дайындалды, қандай нысанға қалай баратынын бiлдi», – дейді Қасымов.

Қанды оқиға болғаннан кейін оны болдыруды үндеу кезінде бірге тыңдағанымен, онджай әрекеттен бас тартқандар да тергелген.

«Имам Ақтөбеден емес, Сириядан болуы мүмкiн. Тергеу бәрiн анықтайды. Барлық 45 адамға үндеу жасалған. Олар «қасиеттi джихад» жасау керек деп шешкен», – деп толықтырды министр.

Айта кетейiк, жалпы, терактiге 45 адам дайындалған, оның 19-ы  мұндай әрекетке барудан бас тартқан. Дүкенге барар жолда тағы 3 адам бүлік жасаудан бас тартқан. Ал 25 адам ойлаған iстерiн жүзеге асыруға бекінген.

Талқылау