Ақтөбедегі терактіге күдікті адам өз ұлын ұрлап кеткен

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 10:18

Ақтөбедегі терактіге күдікті деп аталған адамның бұрынғы қайын атасы, бұрынғы күйеу баласының қызын ұрлап кеткенін айтты. Ал баланы ол жыл басында ұрлап кетіпті.

1465272936_82267_tn

Бұл туралы Timeskz хабарлайды.

Ақтөбеде 5 маусым күні болған терактіге қатысы бар деп күдікке ілінген Дмитрий Таңатаров жыл басында өз әйелі мен баласын ұрлап кеткен. Бұл туралы ақтөбелік Бекболат Үнбаев айтып берді.

“Біздің қызымыз онымен интернет арқылы танысқан. Кездесіп бастап, сосын некелесіп те үлгеріпті. Олардың некеге тұрып қойғанын мен білмедім. Бұл қыркүйек айында болды”, – дейді ол.

Олар ақыры Дмитрийді отбасына қабылдаған. Сол сәтте ол тұрақты түрде намаз оқып, сақал өсіріпті.

“Ол өзі туралы көп айтпады. Әкесі мен анасы жоқ секілді. Өзі жеке куәлігін де жоғалтып алыпты. Оны қайта қалпына келтіру үшін біз оны өзімізге тіркедік”, – дейді бұрынғы қайын атасы.

Олардың отбасында сәби өмірге келсе де өмірлері бірқалыпқа түсе қоймапты. Ол әйеліне қол көтере бастаған. Ал жеке куәлігін алған кезде несие алуды ойластырыпты. Оның не істегелі жүргенін білген соң, үлкендер оны үйден шығарған. Ақыры ол үйден кетіп тынғанымен, әйеліне тыныштық бермепті.

“Ол қызымды дүкенге шақырыпты. Ал өзі келіп баланы ұрлап кеткен. Немерем ол кезде 2 айлық еді. Біз полицияға хабарластық. Олар әкесі өз баласын ұрлауы мүмкін емес деп, мұндай отбасылық мәселемен айналыспайтындарын айтты”, – дейді Бекболат.

Ал әйел болса баласын қайтару үшін, жалған әрекетке барған.

“Ол сол исламистердің ортасына барды. Олардың өз кеңестері бар екен. Олар қызыма: “Намаз оқы, барлығы болады” деп жауап берген. Қызым ұзын киім киіп, орамал таққанда олар баланы қайтарған. Дмитрий сәуір айында әйеліне хабарласып: “Егер орамал жауып жүрмесең, баланы қайта алып кетемін” деп қорқытқан”, – деді әкесі.

Дмитрий Таңатаровты қазіргі таңда құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Жалпы, Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    біз қазақстанды басқа елдерге мақтап жүрсек ал біздің елде мұндай жағдай жаға ұстатарлық болып отыр мұндай адамдарды өлтіру жазасына беру керек мұндайларды бос қалдыруға болмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар