Ақтөбедегі терактіге байланысты 9 адам 2 айға қамалды

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 12:56

Ақтөбеде “Паллада” қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөлімшесіне шабуыл жасаған тоғыз адам екі айға қамалды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

лаңкестер

“Ақтөбе қалалық №2 сотына “Паллада” қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысқан 16-29 жас аралығындағы тоғыз адамға қатысты қамауға алу туралы өтініш келіп түсті және ол өтініш қанағаттандырылды” делінген хабарламада.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың “радикалдық діни топ өкілдері” болғанын және олардың “шетелден нұсқау алғанын” мәлімдеген.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар