Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі сауда орталығында полиция қызметкерінің киімін ұрлап кеткен

Ақтөбедегі «Керуен-сити» сауда-ойын-сауық орталығында полиция қызметкері киім өлшеп жатқанда, оның қызметтік киімі мен куәлігін ұрлап кеткен.

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

3 сәуірде полиция қызметкері киім алу үшін «Кеурен сити» сауда-ойын-сауық орталығына келген. Тәртіп сақшысы күртені киіп көріп жатқан кезде, 24 жастағы ұры киім өлшеуге арналған бөлмеден оның қызметтік киімі мен құжаттарын ұрлап кеткен. Ұрланған құжаттар ішінде жеке куәлігі мен қызметтік куәлігі болған.

Артынша полицейдің киімін ұрлап кеткен ұры табылды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 850 миллион теңгеге салынған мектеп су астында қалды

Мәскеуге барып баласын сатпақ болған келіншектің күйеуі ұлын өзіне алып кетті

Аш әрі жалаңаш: Алматыда полиция қызметкерлері апатты жағдайдағы үйден 3 жасар балаларды тауып алды (фото)

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Талқылау