Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде имамдар садақадан түскен ақшаға таласып қалды

Ақтөбеде«Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Зекет» қорының заңды өкілі Дәмен Өмірбек бас имам Төлеби Оспанды сотқа берді. Ол имамның қысымын доғарып, жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170215220120

Дәмен Өмірбек 2011 жылдан бері «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде қызмет етеді. 2015 жылы «Зекет» қорының заңды өкілі қызметіне ресми кірісіп, халықтан жиналған қаржы мен мүліктің 20 пайызын айлық ретінде ай сайын алып отыруға келісім шарт жасайды. Қызметкер бас имам Төлеби Оспан келген соң қиндықтар басталғанын айтып, сотқа арыз түсірді. Алғашқы тыңдалым өтіп, келесі аптада №2 қалалық сотында отырыс басталады.

«Төлеби Оспан алғаш күні-ақ «Сен маған ұнамайсың. Арыз жазып, өз еркіңмен жұмыстан шық. Астанадан наиб-имамдар келеді. Солар келгенше орныңды босат. Сенің орныңа солардың біреуін ұсынамын немесе бұл жұмысты өзім атқарамын», – деді. Кейін өз еркіммен арыз жазып кетсем, дастархан жайып, шапан жабатынын жеткізді. Мен алдымен келісіп, кабинетінен шыққан соң ойланып, бас тарттым. «Сен маған ұнамайсың» деген сөзі ар-намысыма тиіп, сотқа арыздандым», – деді Өмірбек.

Мешіт қызметкері заңсыздық туралы арыз жазып, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Райымқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан көмек сұраған. Бірақ ешқайсысынан жауап жоқ.

«Бұрын ай сайын орташа есеппен 34 мың теңге жалақы алған едім. 2016 жылдың мамыр айынан бастап еңбекақы берген емес. Жауапкердің заңсыз әрекеттерінен соң маған келтірілген моральдық залал мөлшерін 200 мың теңге деп бағалаймын. Сонымен қатар, 10 айдың еңбекақысын, 308 мың теңгеден астам жалақыны өндіруді сұрап отырмын. «Зекет» қорындағы жұмыстан шеттетілдім, сол қызметке қайта кіріскім келеді. Мен өндірген бар қаржыны медресеге беруді ойлап отырмын. Маған ақша емес, әділдік керек», – деді Өмірбек.

Бқған дейін орамал тағуға қарсы шыққан мұғалімдерді “білімсіз” деген имам Төлеби Оспанның сөзі дауға айналған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Имам: Жат ағымдар жасырын жиналыс өткізеді

Ақтөбе имамдары ас беру кезінде жайылатын дастарханның жалпыға ортақ мәзірін бекітпек

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Талқылау