Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі оқиғадан кейін Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік күшейтілді

Ақтөбедегі шабуылдаудан кейін  Қазақстангнның барлық әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

әуежай

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайтына   авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі  Дархан Қатышев хабарлаған.

Оның сөзінше, Қазақстанда террорлық қауіп-қатердің “сары деңгейі” жариялануына байланысты әуежайларда қосымша тексеру жүргізіледі. Басқарма  басшысы жолаушыларды қосымша тексеруден бөгелмес үшін әуежайға ертерек келуді сұраған.

Оның сөзінше  әуежайға келген азаматтардың барлығы бұдан былай жіті тексеруден өткізіледі.  Көпшілік жиі қатынайтын әуежай аумағының барлығы түгелдей қатаң бақылауда болмақ. Енді жолаушылар екі рет тексеруден өтетін болады. Біріншісі, әәуежайға кірер жолда. Екіншісі ұшаққа отырғызу алдында.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і – шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі – бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар “радикалды діни топ жақтастары” болуы мүмкін дейді.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы “қызыл сызығы” деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің “сары деңгейі” жарияланған.

Талқылау