Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі нигериялық жігіт үйіне пойызбен жіберілетін болды

Отанына қайта алмай жүрген Манас Огарайо есімді Нигерия азаматы үйіне пойызбен жіберілетін болды. Шетелдік жігітті Ақтөбеден шығарып салуға көші-қон офицерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Ақтөбедегі нигериялық жігіт үйіне пойызбен жіберілетін болды

«Нигерия азаматы Манас Огариге қатысты елден шығару туралы әкімшілік соттың шешімі шықты. Ол Қазақстанда уақытынан ұзақ болып, көші-қон туралы заңды бұзды. Қазіргі уақытта оған және оны ертіп жүретін көші-қон полициясының қызметкеріне пойыз билеттері сатып алынды. Ертең олар Ақтөбеден Алматыға шығады. Көші-қон полициясы оны шекара қызметкерлеріне табыстап,  шетелдік жігіт Алматыдан Нигерияға жіберіледі», – деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, 34 жастағы Нигерия азаматы Ақтөбеге ағылшын тілінен сабақ беруге келген. Алайда, ол онда жұмыс берушімен ортақ тіл табысып, елде болу уақытын асырып, көші-қон туралы заңды бұзды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр