Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі лаңкестерді ұстаған арнайы операция туралы тың деректер пайда болды

Ақтөбедегі террористерді арнайы операция кезінде құрықтауға байланысты тың деректер пайда болды.

тиа

Сурет ktk.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Іздеу жарияланған терроршының бірі Дмитрий Таңатаров тірі қалған, бірақ қазіргі таңда ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Аурухананың бас дәрігері оған операция жасалғанын, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлады.

Арнайы операция Некрасов көшесінде 5 маусым күні атыс орын алған “Пантера” дүкенінен бірнеше метр алыс жерде болған. Тұтқиылдан келген бір адам Арынов көшесі тарапынан полицейлерге оқ жаудырып, нәтижесінде екі тәртіп сақшысы жарақат алған. Атқан адамның өзі өлтірілді.

Сонымен қатар, куәгерлер Ақтөбеден шыға берісте қалаға қарай бет алған 5-6 жүк тиелген автобустарды көрген. Оларды полиция көліктері күзетіп жүрген. Олардың әрқайсында арнайы қызмет сарбаздары орналасыпты. Ал автобустағы адамдар сақалдарын өсірген, ваххабизм сеніміндегі адамдарға ұқсайды екен.

Бұл ақпаратқа қатысты әлі ешкім түсініктеме беріп, растамады. Әйтсе де көзбен көргендер бар. “Сақалдыларды” тәртіп сақшыларының неліктен қалаға тиеп әкеле жатқандығы белгісіз.

Қалада терроризмнің қауіптілігі әлі қызыл деңгейде. Көптеген дүкендер мен мекемелер қайтадан есіктерін жапты. Ірі маркеттер де жұмыстарын тоқтатты.

Халық арасында у-шу жоқ. Керісінше жергілікті тұрғындар мән-жайды түсініп келеді. Әзірге “Пантера” дүкені мен Некрасов көшесі әлі қоршауда.

Интернет жұмыс істеп тұр. Дегенмен, таңғы уақытта байланыс қайта жоғалған. Екі сағат бойы интернет істемей, ұялы байланыс үзілген. Сірә, “үнсіздік режимі” арнайы операцияға байланысты іске қосылса керек.

Талқылау