Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде күтпеген қошеметке ие болған Баландин таңқалысын жасыра алмады

Ақтөбеге қатардағы жарыстардың біріне қатысуға келген жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өзін қарсы алған жұртшылықты көріп таңданысын жасыра алмады.

screenshot_2016-10-18-14-23-182

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Ақтөбе әуежайынан өзін қаһарман ретінде қарсы алған халықты көрген Баландин қуанышын да, таңқалысын да жасыра алмады. Чемпионды көруге әуежайға жүздеген оқушы келген. Спортшы Ақтөбеге жүзуден Қазақстан кубогына қатысу үшін ат басын тіреген екен.

Чемпионды жұртшылық шар ұшырып, думандатып қарсы алды. Баландин болса мұндай қошеметті күтпедім дейді.

“Мұнда жарысқа қатысуға келгендіктен мені бұлайша қарсы алады деп мүлде ойламадым. Мені қарсы алатынын білген кезде тіпті таңқалдым. Мұнда көптеген адамдар жиналған. Бұл әрине сондай жылы әсер қалдырады”, – дейді спортшы.

Дмитрий Баландин бұл жарыста өзінен үлкен жетістік күтпеу керек екенін де бірден ескертті.

“Өкінішке орай менде дайындалатын аса көп уақыт болмады, сондықтан Ақтөбедегі нәтижем олимпиадаға қарағанда төмен болуы мүмкін. Бірақ үздік болуға үміттенемін. Басты мақсатым келесі жылы Будапештте өтетін әлем чемпионаты болып отыр. Сол жарысқа дайындаламыз”, – деді Баландин.

Талқылау