Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі ХҚКО-да ер адам қайтыс болды

59 жастағы азамат Ақтөбедегі Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тромбоэмболия салдарынан көз жұмды, деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам №1 қалалық ХҚКО-да қайтыс болған. 20 қараша күні күндіз ол орталыққа мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу үшін келіп, оператордан талон алған. Бірнеше минуттан кейін оны өтінішін қарауға шақыртады, азамат оператордың үстеліне жетпей есінен танып қалған.

Қызметкерлер реанимациялық автокөлікті шақыртып, дәрігерлер келгенше алғашқы медициналық көмекті көрсетуге әрекеттенген.

“Он минуттың ішінде келген жедел жәрдем қызметкерлері азаматтың қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге тромбоэмболия себеп болған “, — деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік корпорация марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Өзіңізді тексеріңіз: Тырнаққа қарап адамның мінезі жайлы білуге болады

 

Талқылау