Ақтөбедегі ең биік үйде тұратын жұрт пәтерлерін өз атына рәсімдей алмай жүр

Сейсенбі, 15 Желтоқсан , 2015 22:40

Ақтөбедегі ең биік ғимаратты салған құрылыс компаниясы оны тұрғындардың иелігіне беруге асығар емес. Себебі берешегі көп фирманың кесірінен сот үйге тыйым салып алған. Енді екі ортада тұрғындар жапа шегуде. Ал құрылыс компаниясы оған бас қатырып та отырған жоқ.

Безымянный

Бұл туралы STAN.KZ КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланың қақ ортасындағы 25 қабатты үш үйдің құрылысы  үлкен даумен осыдан бірер жыл бұрын аяқталған еді. Сыртынан қарасаң тәуір-ақ. Көптеген тұрғындар сонысына қызығып сатып та алды. Енді өкініп отыр.

Бұл үй пайдалануға екі жыл бұрын берілді. Бірақ сол уақыттан бері пәтер иелерінің жартысынан көбі құжат алмапты. Өйткені ғимарат тұрған жер құрылыс компаниясының атына жазылған. Ал қарызға белшеден батқан фирманың бар мүлкі арестке алынған екен.

Ақтөбе қаласының тұрғыны, Игорь Кузнецов: “Үлескердің қандай кінәсі бар еді? Құрылыс компаниясының кесірінен пәтерімізді өз атымызға аудара алмай отырмыз. Заңмен меншіктеп алмаған соң баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп қорқамыз”, – дейді.

Үйді салған «Лашын инвест» компаниясы басшылары үлескерлердің мәселесіне мүлдем бас қатырмайды. Оларды көре қалса, кеңселерін құлыптап отырады екен. Ең қызығы кәсіпкер үйдің техникалық қабатын үлескерлердің рұқсатынсыз сатып жіберген. Ал қоймаға арналған бөлмені де баспанаға айналдырыпты. Осылайша элиталық үйдің жатақханаға айналып бара жатқанына тұрғындар алаңдайды.

“Әр қабатта артық заттарымызды қоятын шағын бөлмелер бар. Ол үлескерлерге ортақ. Бірақ соны да сатып жатыр. Ал ол бөлмелерде қалай екені белгісіз құжат рәсімдеп берген”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлнәр Есдәулетова.

Үлескерлер қазір сотқа арыз дайындап жатыр. Сондай-ақ, қаладағы ең биік ғимараттың құрылысын шенеуніктерден тағы бір рет тексеріп берулерін сұрайды. Өйткені компания үй жоспарын заңсыз өзгертіп жібергендеріне сенімді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар