Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі ең арзан дүкеннің жұмысы екі күнге созылды

Ақтөбедегі ең арзан дүкеннің жалға алушысы, бірер күн өтпестен-ақ табанын жалтыратқан. Мәселе өнімдердің бағасына байланысты өрбіген.

a98a5a1e0706436f3c231b2ad208f78a

Сурет tengrinews.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Алғашқыда қала тұрғындарына арзан бағадағы азық-түлікті алу ұсынылған. Алайда кейінірек Ақтөбеде бұл дүкенде де баға шарықтап жатыр екен деген сөз кезіп кетеді.

“Рас, қант қымбаттады. Бірақ, бұл түсінікті нәрсе, қанттың алғашқы партиясы тұрақтандырма қорынан әкелінді, ал екіншісі – көтерме сауда орындарынан сатып алынды. Тасымалдаушы басқа болғандықтан, баға да басқа. Қазір қанттың бағасы 235 теңге, осы бағаны ұстауға тырысамыз”, – дейді СПК “Ақтөбе” директоры Қайрат Бекенов.

Бекеновтың сөзінше алма бірінші күні арзан сорттан тасымалданған. Ал екінші күні басқа сорт әкелініп, қымбаттаған. Ақырында, жалға алушымен келісім үзілді. Ол бағаларды арнайы таблода көрсетіп қоюды қаламаған. Бірақ, бұл басшылық тарапынан міндеттелген нәрсе.

Дегенмен, алғашқы екі күнде бұл әлеуметтік дүкенде 2 тоннадан астам картоп пен сәбіз, 3 тонна пияз және 200 литр күнбағыс майы сатылып үлгерген.

Талқылау