Ақтөбедегі дүкен есіктерінде “жылынуға тыйым салынады” деген жазу пайда болды
Ақтөбеде бірнеше күннен бері 20 градустық аяз бет қаратпай тұр. Ал аялдамаларда орналасқан кішкентай дүкен есіктерінде ішке кіріп жылынуға болмайтынын айтқан хабарламалар іліне бастаған.
Бұл туралы aktobe_zello инстаграм парақшасында жарияланып отыр. Хабарлама ілінген дүкеннің бірі қаланың шет жақ ауданында орналасқан. Бұл жақтан оқушылар мектепке барады. Сірә, аталмыш жазу оқушылар мен олардың ата-аналарына арналса керек. Желі қолданушылар бұл жағдайды әртүрлі талқыға салуда. "Адамилық танытуға болады ғой. Аялдама мұндай аязда бес минут тұрудың өзі қиын. Дүкен ішіне кіргізе тұрғанда ештеңе жоқ", - дейді бірі. Оқи отырыңыз: Экстремал шаңғышы Алматының орталық көшесінде сырғанап жүр (видео) Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео) Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер «Кеш you» тобындағы Ақбота тұрмысқа шықты ма? (фото)Талқылау