Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылды (видео)

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылды. Олардың төртеуі бір пәтерде болған. Ал бір бүлікші осы оқиға болып жатқан кезде полиция қызметкерлеріне жалғыз шабуылдаған.

операция

«Жедел іздестіру шарасы кезінде Ақтөбедегі оқиғаға күдікті азаматтар отырған үй анықталды. Олар Некрасов көшесіндегі  үйлердің бірін паналаған. ҰҚК мен ІІМ арнайы қызметкерлері  террористер отырған үйді қоршауға алған. Келіссөз жүргізген сәтте лаңкестер бейбіт жолмен берілуден бас тартып, бірінші болып оқ атқан. Олардың қолындағы қаруды бейбіт жолмен алу келісімі нәтижесіз болды. Арнай жасақ қызметкерлері пәтер ішіндегі төрт лаңкесті атуға мәжбүр болды»,-деп жазады ҚҰК баспасөз қызметі.

Ал бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында  зардап шеккендер жоқ.

Осы оқиға болып жатқан кезде Ақтөбедегі  Мясоедов және Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің бірі  патруль экипажына оқ жаудырған. Жауап ретіндегі оқтан бүлікшінің өзі қайтыс болды. Ал екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.

Ақтөбеде лаңкестерді жедел іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күдіктілердің ортақ таныстары мен олар болуы мүмкін деген жерлер тінтілуде.

Бұған дейін 10 маусым күні түннен бері күштік құрылым қызметкерлері бүлікшілерді залалсыздандыру мақсатында арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бұған дейін осы операцияның 5-і күні тоналған дүкендердің біріне жақын жерде болып жатқаны жайлы жазғанбыз (видео)

 

 

Талқылау