Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: Сот күтпеген шешім қабылдады

Адвокаттардң 52 өзбектің өліміне қатысты тыңдауды Ақтөбеге ауыстыру туралы өтінішті қабылданды.

Айыпталушылардың қорғаушылары істі Ақтөбеге ауыстыру туралы өтініш берген еді, деп жазады Sputnik.

Олар жолдың алыс екенін айтып, қатынаудың қиындық тудырып жатқанын мәлімдеді. Олар облыстық сотқа шағымын айтты. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ырғыз ауданының судьясы олардың өтінішін қанағаттандырды. Енді Ақтөбеде 1 қыркүйек күні бірінші отырыс өтеді.

 

Іске қатысты жүргізушілер Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернекбеков айыпталуда. Оларға көлікті пайдалану ережесін бұзды деген айып тағылды.

 

Айта кетсек, Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобус өртіне аман қалған екі өзбек азаматы себеп болған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр