Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Балалар күні Ақтөбе облысында дүниеге келген үшем перзентханадан шықты. Әлімжан, Әділжан және Саяжан есімді сәбилер 25 мамыр күні өмірге келген.

ымымымым

Бұл туралы Керек Инфо хабарлайды.

Үшем дүниеге әкелген Бековтер отбасы Хромтаудың Дөң ауылында тұрады. Балалар табиғи жолмен өмірге келген. Анасы Гаухардың айтуынша, жолдасының ата-бабасында егіздер бар екен. Алайда бұрын-соңды үшем болмаған көрінеді.

“4 жастағы ұлымыз бар. Енді тағы үш баланың анасы атанып отырмын. Есімдерін әкелері қойды. Қызымның салмағы 2 келі 700 грамм. Ал ұлдарымның бірі 2 келі, екіншісі одан 250 грамм артық. Өте қуаныштымыз”,- дейді Гаухар Бекова.

Өмірге үшем алып келген Гаухардың жасы 27-де. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал жолдасы слесарь.

Айта кетелік, бұл- биыл Ақтөбедегі перинатальдық орталықта дүниеге келген екінші үшем. Осыдан бір күн бұрын перзентханадан шыққан сәбилер – жатырдан тыс ұрықтандырудың нәтижесі.

Талқылау