Ақтөбеде үш апта бұрын өмірге үшем әкелген анаға билік өкілдері төсек сыйлады
Осыдан 3 апта бұрын өмірге үшем әкелген Инара Кубенова бүгін перзентханадан шықты. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева үшемге арнап үш төсек және жөргек комодтарын сыйға тартты, -деп хабарлайды Stan.kz Диапазон газетіне сілтеме жасап
Перзентханадан шығарып алуға оның ата-анасы, жұбайы, туысқандары мен қалалық әкімшілік қызметкерлері келді.
«Қазір балаларымның жағдайы жақсы. Қайсар, Санжар, Ясмин атты үшем бір біріне мүлде ұқсамайды, -дейді анасы.
Қалалық әкімшіліктің өкілдері үшемнің 1 жасқа толған шағында «Күміс алқа» атануға құжат рәсімдеу керектігін ескертті.
Талқылау