Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде жүкті әйел бір аптадан бері табылмай жатыр

Ақтөбеде 32 жастағы Динара Зарипова із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жүктілігінің 5-айында болған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде жүкті әйел бір аптадан бері табылмай жатыр

Туыстарының сөзінше, әйелдің отбасында ұрыс немесе жанжал болмаған.

«Ол 5 наурызда кешкі уақытта менің үйімнен шығып кетіп, сол күйі жоғалып кетті. Динара маған қонаққа келген еді. Оның үш баласы бар. Күйеуімен ұрысқан жоқ. Ол ешқашан хабар-ошарсыз кеткен емес және отбасын тастап кетпейтін. Біз полицияға жүгіндік. Олар табуға көмектеседі деп ойлаймын», - дейді жоғалып кеткен әйелдің әпкесі Гүлмира Зарипова. 

Еріктілер кешеден бастап Динараны іздеуге кірісіп кеткен. Оның жоғалғаны туралы шағым полицияға 8 наурызда түскен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр