Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер мешітті жөндеуден өткізіп берді

Адал еткен еңбегінің Алла несібесін беріп, ісі өрге домалаған кәсіпкер азаматтардың бұл істерінің елдің игілігіне жарап жатқандығы шексіз қуантады.

638971_1484903948

Бүгінде Қандыағаш қаласының жергілікті тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығынан бөлек, жерлестеріне сан түрлі тауар, сапалы қызмет ұсынып отырған белді кәсіпкерлердің бірі Бақытжан Қадыралиннің де әрбір бастамасы мұғалжарлықтардың мүддесі үшін екені белгілі. Оның жақында ғана ашылған балаларға арналған «Baby park» ойын-сауық орталығының өзі базарлы үйдің балаларының көңілін көтеріп, балғын жүздеріне күлкі сыйлауда. Сәбиінің шар толы алаңның ішінде алаңсыз ойнап, батутта секіріп мәз-мәйрам болғанына қарап тамсанған ата-аналардың да разылығын аңғару қиын емес.

167740_1484903947_890_530_0

Қаланың көркейіп, халқының әл-ауқатының көтерілуіне бірден-бір үлес қосып жатқан кәсіпкердің бұдан өзге игі істері де аз емес. Өткен аптада жұмаға жиылған қалың жамағатты тосын сыймен қуантқан жан садақа бергеннен дәулеттің сарқылмайтындығын тағы бір дәлелдеді. Ол мешіттің үлкен бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік етіп, мәрттігін танытты. Шамамен 1,5 млн теңге қаржы жұмсалған жөндеу жұмыстары кезінде бөлменің қабырғалары боялып, кей бөліктеріне түсқағаздар жапсырылды. Төбе де соңғы сән үлгісіне сай жасалып, мінбердің ішіне, төбе мен есіктерге айнала жарық шамдар жүргізілді. Бөлменің әрбір есік, терезелері, батареялары мен ұзын ұстындарға дейін ұқыптылықпен сырланды. Бояулардың түстері ерекше талғаммен таңдалып, әрбір жұмыс аса мұқияттылықпен, десе де дер кезінде жасалып бітті. Кезекті жұма намазына үлгеруге тырысып, апта бойына түн жарымына дейін дамылсыз жұмыс жасаған азаматтардың ерекше еңбекқорлығын да айтпай кетуге болмас.

Бұрынғы келбетінен біршама өзгерген, ішіне ізгіліктің сәулесі шашылып тұрғандай жарқыраған кең бөлмені көріп, көз тойдыра алмаған жамағат жомарт кәсіпкерге шексіз разылығын білдірді. Ісіне берекет тілеп, үлкендер ағалық ақ батасын беріп жатты.

Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алла Тағала Құран ілімін нәсіп еткен соң, оны күндіз-түні оқып, оның үкімдерімен амал еткен ғалымға, сондай-ақ, Алланың берген байлығын күн-түн демей игі жолға жұмсаған жомартқа», – деп айтты» – делінген. Демек, дәулетінің зекетін беріп, діни парызын орындаған Бақытжан Дүйсенұлының бұл ісі мақтауға тұрарлық қана емес, өзге жандар үлгі тұтар, жомарттық пен жақсылықта жарысар ізгі іс дер едік.

muftyat.kz

Жіберіп алмаңыз:

Қарапайым өзбек жігіттің жомарттығы желі қолданушыларын тебірентті

Қазақстандық жомарт кәсіпкер 3 жасар науқас баланы Үндістанға апару үшін жеке ұшақ тауып берді

Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?

Талқылау