Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жол-көлік апатының куәгері қашып кеткен полицейді өзі қуып тоқтатты

Ақтөбеде жол-көлік апатының куәгері оқиға орнынан қашып бара жатқан полиция қызметкерін өзі қуып тоқтатты. Қалада орын алған ерекше қуғынның видеосы ғаламтор желісінде жарияланды.

Ақтөбеде жол-көлік апатының куәгері қашып кеткен полицейді өзі қуып тоқтатты

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі видеода мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөліктің орталық көшемен құздай ұшып бара жатқаны анық көрінеді. «Нива» көлігінің артынан жүрген видео авторы жүргізушінің жолда көлікпен соқтығысқанын айтты. Алайда, көлік апатын жасаған полиция қызметкері тоқтамай оқиға орнынан кетіп қалған. Осылайша, тәртіп сақшысының орнына, керісінше жол апатының куәгерлері қашып бара жатқан полицейге тоқтауды талап етті.

Бірақ, куәгерлердің сұрауы бойынша ғана көлігін тоқтатқан полицей мән-жайды анықтауға асықпады. Ол көліктен түсіп, сапарын ары қарай жаяу жалғастырды. Видеодағы көрініске қарасақ, ол өзінің не істеп жүргенін де білмейді. Яғни, мас болуы мүмкін. Дегенмен, бүгінде апат жасаған «Нива» көлігінде облыстық Ішкі істер департаменттің тергеушісі болғаны белгілі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қазіргі уақытта да полиция бөлімшесіндегі қызметін жаслғастыруда.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы оқиға шамамен ағымдағы жылдың маусым айында болған. Қазіргі уақытта ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижесіне орай полицейге қатысты тиісті шаралар қолданылады»,- дейді Ішкі істер департаментіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау