Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жоғары сыныптағылар бастауыш оқушыларын таптап өткен

Ақтөбеде мектептердің біріндегі оқу-жаттығу кезінде оқушылар жарақаттанды. Дабыл қоңырауын естіген балалар далаға қарай лап қойған. Сол кезде жоғары сыныптағылар бастауышта оқитын бүлдіршіндерді таптап кетіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

мвмвм

Жаншылып қалған оқушының бірі Санжар Идеев. Миы шайқалған ол қазір балалар ауруханасында жатыр. Одан өзгелері жеңіл жарақат алыпты. Ал оқиға болған мектепте қызметтік тексеру жүргізіліп, сол күнгі оқу-жаттығуға жауапты мұғалімдердің барлығы сөгіс алған. Білім ошағы басшылығы дабыл қоңырауының белгіленген уақыттан бұрын басылып кеткенін мойындады. Өйткені жақында орнатылған қондырғыны шаруашылық жөніндегі меңгеруші алдын ала тексеріп көрмек болыпты.

“Үш баланың екеуі үшінші сынып, біреуі бесінші сыныпта оқиды. Енді олар дер кезінде жедел жәрдем шақырған кезде ешқандай ауыр жарақат жоқ екені дәлелденіп, үйлеріне қайтарылды. Жауапкершіліктен бас тартпаймыз. Мектепте болған оқиға ғой”, – дейді №6 мектеп директоры Шолпан Жанғалиева.

Талқылау