Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

Баланы құтқарушылар, туыстары және еріктілері бірнеше күн бойы іздеген. Оның денесі бала жоғалған орыннан 800 метр жерден табылды.

Bezymyannyy-29-620x342

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

13 сәуір күні 4-сынып оқушысы Біржан Ерсайынов күндіз көшеге ойнауға шығып кетеді. Жеңішке өзені жақта ойнаған баланы соңғы рет көрші достары көріп қалыпты.

Көктемгі тасқынға байланысты өзен деңгейі көтеріліп кеткен. Оқушы мұз үстіне секіріп, ол ойылып кетіп баланы қатты ағыс алып кетеді.

“Бүгін 9:53-те баланың денесі табылды. Бұл шамамен бала жоғалған жерден 800 метрге алыс. Мәйіт құқық қорғау органдарына берілді”, – деді облыстық ТЖД су-құтқару қызметінің сарапшысы Оксана Кичигина.

Жеңішке өзенінің су деңгейі біршама төмендеп, құтқарушылардың жұмысын оңайлатқан. Бұған дейін баланы іздестіріп жатқаны туралы ақпарат жарияланған.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау