Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жоғалған студент қыз табылды

Ақтөбе қаласында үйінен 11 наурыз күні шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз аман-есен үйіне оралды. Анасы Күнсұлу Әлиеваның айтуынша, қызы үйіне өзі келген, – деп хабарлайды Bnews.kz.

56f94cf185c98e8594baca58d7375140

Бұл туралы

Жоғалған қыздың табылып, отбасына оралғанын облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдин растады. Бірақ, қыздың төрт күн бойы қайда болғанын айта алмады. «Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоғалған студент қыздың қайда болғанын бірер сағаттан соң айтамыз»,- дейді ол.

Қуанышты хабарды Рысбикенің сіңлісі Дәметкен де әлеуметтік желіге жариялап, барлығына алғыс білдірген. «Көптің тілегі қабыл болады деген осы. Тілегіміз орындалып, қызымыз аман-есен табылды. Сіздерге рахмет, қолдарыңыздан келгенше көмек көрсеттіңіздер. Алла разы болсын!», – деп жазба қалдырған.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін ақтөбеліктер 18 жастағы студент қызды іздестіріп жатқанын, 11 наурыз күні сабақтан келіп, кейін «колледжге жиналысқа барамын» деп үйінен қайта шығып кеткен Рысбике Даражадинова жайлы 3 күннен бері еш хабар жоқ екенін, ата-анасы полицияға бір күннен соң арыз жазғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 18 жастағы қыздың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Алтынай Сағындықова

Талқылау