Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысатын 4 баланың анасы балконнан секіріп кетті

Ақтөбеде көпбалалыана өзіне қол салмақ болды. Ол «Галя» есімді жеңгетайға жұмыс істеген.

Өзіне қол салмақ болған әйел соңғы сәтте ойланып, жіптен ұстанып қалды, деп хабарлайды Ақтөбе Таймс.

Куәгерлер айқайлап көмек сұрай бастайды. Жақын маңда жүрген полицейлер пәтердің кілтін тауып, ішке кіреді. Аиша есімді әйелді балконға алып шығады.

Сол маңдағы дүкен ұстайтын Сәнімжан Шұғайпова өзіне қол салмақ болған Аишаның жезөкшелікпен айналысатынын айтты. Айтуынша, ол Галя есімді жеңгетайға жұмыс істейді. Жеңгетай саунаға 8 жезөкше апарады. Жезөкшелері үш саунаға интимді қызмет көрсетеді.

Вокзал маңында 10-15 жезөкше қыздары бар. Есімдері Жанна Норка, Жанна Цыган, Ляззат, Сауле, Наташа, Айжан, Аида, Мира, Гоша, Индира.

Аишаның төрт баласы бар. Екеуі басқа қалада. Екеуі өзімен бірген. Бірі 4 жаста, бірі 6 жаста.

Жеңгетай Галя 21 жастағы жігітімен Алматыдан демалып келген күннің ертесіне Аишадан ақшасын сұрайды. Аиша 13 мың теңге бергенде, оны азсынады. Әдетте жезөкшелер күніне 50 мың теңге тауып беруі тиіс болған.

Аиша бас тартқандықтан оны шешіндіріп ұра бастайды. Кейін пәтерге қамап тастайды. Аиша өзіне қол салмақ болып, балконнан секіріп кетеді. Бірақ жіптен ұстанып қалып аман қалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау