Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жент қосылған шоколад шыға бастады

Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Ғали Исқалиев журналистерді жаңа бренд өніммен таныстырды. Қала қонақтарына конфеттен дәм татыру жоспарлануда.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Барлық өңірлерде өзінің бренд өнімдері бар, Ақтөбеде әзірге жоқ. Біз осы конфетті шығаруды шештік. Ақтөбеде тары өседі, сондықтан жент қосылған шоколад жасамақпыз», – деп атап өтті әкім орынбасары.

Қорапта жүрек және шар пішінінде 16 конфет. Оған жаңғақ пен мейіз қосылған ұлттық тағам – жент қосылған

Ақтөбе облысы – жыл сайын рекордты өнім алған белгілі тарышы Шығанақ Берсиевтің отаны. 1939 жылы 25,5 центнер, 1940 жылы – 155,8 центнер, 1941 жылы – 166 центнер, 1942 жылы – 175 центнер, 1943 жылы – 201 центнер тары алды. 1940 жылдан бастап бұл нәтиже әлемдік рекорд ретінде тіркелді.


 

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық Қалима Жұматай жентті қалай дайындайтынын көрсетті (фото)

Талқылау