Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жазылған “Аллаху акбар” сөзі мен автоматтың суреті тұрғындардың үрейін туғызды

Ақтөбе тұрғындары діни бағытта жазылған сөздерден шошып отыр. Сурет авторының айтуынша, жазба қала көшелерінің біріндегі үйдің ауласында жазылып тұр.

svsv Бұл туралы Инстаграмдағы zello.aktobe парақшасы хабарлап отыр. Бұл суретті желі қолданушылары да қызу талқыға салған. Бірі бұл жерде қауіпті ештеңе жоқ десе, енді бірі сөздің жанындағы автоматтың суреті бұл жазбаның астары бар екенін аңдатады дейді. "Аллаху Акбар! Бұл жерде қандай қорқынышты нәрсе көрініп тұр? Жаратқан иеміздің есімі. Ал автоматты бұзықтар әдейі салып кетуі мүмкін", - деп пікір білдіреді dochkicvetochki аккаунтын пайдаланушы адам. Әйтсе де пікір қалдырушылардың басым бөлігі бұл суретке құқық қорғау органдарының назар аударуын сұраған. Кейінірек, қалада үй қабырғасына жазылған мынадай жазулар да пайда бола бастаған. svsvsvsv Еске сала кетсек, 5 маусым күні бір топ қарулы адам қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, әскери бөлім мен Ақтөбе полициясына да оқ атып, қантөгіс жасаған еді. Қалада террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланып, ел билігі оқиғаны теракті деп бағалаған. Жалпы, шабуыл барысында сегіз адам қаза тауып, 38 адам жараланды. Мемлекет басшысы Ақтөбедегі атысты салафизм бағытын ұстанушы топ жасады деп мәлімдеді.
Талқылау