Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жазасын өтеушілер қардан мүсіндер қашады

Ақтөбедегі түрмеде қар мүсіндердің байқауы өтті. Сотталғандар Ақордадан бастап, Бәйтерек, Алтын адам және жан-жануарларды қар мен мұздан қашаған.

мүсіннн

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Биыл қыста бұл түрмедегілер жауған ақ ұлпаны далаға тасып әуреленбеген. Керсінше оны аулаға жинап, кәдеге жаратыпты. Алғашқыда бастықтар отыратын ғимарат алдына президент резиденциясының көшірмесін орнатқан екен. Кейін әкімшілік жазасын өтеушілер арасында байқау өткізуді ұйғарады.

Сотталғандардың бірі қиялындағы қымбат көліктің мүсінін жасаған. Ал Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткішті қардан қалау қиынға соғыпты. Сондай-ақ колонияның бір бұрышын хайуанаттар бағына айналдырған.

«Бұл жануарларды көп көре бермейміз. Сотталғандар осыны көріп, естеріне алып, осы мекемеден кейін үйлеріне шығып, балаларына, үй-іштеріне жасауға болады осы мүсіндерді, жан-жануарларды»,-дейді жазасын өтеуші Саламат Кикімбаев.

Талқылау