Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылып, үш адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылды. Зардап шеккен үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Зардап шеккендердің бірі ауруханаған шығарылды, екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқиға 10 қыркүйекте болды. Көліктің жүргізушісі ауруханадан шығарылды Ал, екі оператордың жағдауы ауыр.

“Екі адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Бірі 55 жастағы әйел адам, бірі 38 жастағы ер адам. Екеуінің денесінің 80-90 пайызын күйік шалған. Жағдайы бірқалыпты, бірақ ауыр”, – деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Екі жұмысшы 55 жастағы Зибагүл Тюменбаева мен Серікбай Палвановтың алуы тиісті емді жанар-жағармай компаниясы өз мойнына алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау