Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жанармай көлігінің жарылуы: Жүргізуші сұмдық жайтты айтып берді

10 қыркүйекте Ақтөбедегі өндіріс орындарының бірінде жанармай таситын көлік жарылып, салдарынан 3 адам зардап шеккен еді. Көлікті тізгіндеген жүргізуші оқиғаны қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде жанармай көлігінің жарылуы: Жүргізуші сұмдық жайтты айтып берді

Дәрігерлердің сөзінше ауруханаға түскен екі адамның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануды.

«Бізге денесін күйік шалған екі адам түсті. 55 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам. Олардың жағдайы ауыр. Денесінің 80-90 пайызын күйік шалған»ғ – дейді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Ал көлік жүргізушісі Болат Сәрсенов оқиға орын алған күнді еске алып, сұмдық жайтты айтып берді.

«Ауруханада жатырмын, құлағым мен қолым күйіп қалған. Түнде ыстығым көтеріліп, жағдайым нашар болды.

Сол күні автокөліктің жанында екі оператор жұмыс істеп жатты. Мен олардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын қадағалап жүрдім. Бірінші ыдыстан жанармай құйып алынды. Артынша операторлар екінші ыдысқа көшті. Осы кезде аяқ астынан жарылыс болды», – дейді Болат Сәрсенов.

Оның сөзінше, оператор Серікбай Палуановтың киімі өртене бастаған. Ер адам өзінің үстінен жанып жатқан киімін шешім, Серікбайды да шешіндірген. Мұнан кейін ол Зибагүлдің де жанып жатқанын көріпті.

Десе де Болат жарылыстың не себепті шыққанын нақты айта алмай отыр.

Еңбек инспекциясының қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Комиссия құрылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. комиссия құрамында ТЖ бойынша басқарма қызметкерлері бар», – дейді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Жолмұрат Жұбаназаров.

Зардап шеккен 38 жастағы Серік Палуановтың 5 баласы бар. Туыстары тәулік бойы зардап шеккендердің жанынан шықпай жүр.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйекте Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылып, үш адам ауруханаға түскен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау