Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйіне қайтуға асыққан: Ақтөбеде жалқау қызметкерлердің көзбояушылық әрекеті жұртты күлдірді (видео)

Ақтөбелік коммуналдық қызметкерлердің жалқаулығы елге аян болды, деп хабарлады КТК арнасына сілтеп Stan.kz.

aqtobe

Ақтөбелік коммуналдық қызметкерлердің жалқаулығы елге аян болды. Ағаштардың дұрыс өсуіне емес, ел көзіне көріну үшін жасалған әрекетін куәгерлер әшкере етті. Енді коммунал қызметкерлердің басшылығына жауап беруге тура келеді. Видео желіде тез тарап, көп қаралым жинады. Ал, тұрғындар мұны көзбояушылық жасады деп айыптап жатыр. Енді бірі ақша үнемдеп осылай жасаған деп болжады.

Видеодан жол бойындағы ағаш түбінің көшеге қараған беті ғана әктеліп, екінші жағы әктелмегенін көруге болады. Бұл қызметкердің біріні жалқаулық әрекеті болып шықты.

 

"Қызметкермен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұлау жасауға болмайтыны айтылды. Ол ағаш түптерінің барлық жағын ақтауға ерінген секілді. Жұмысын ертерек аяқтап, үйіне қайтуға асыққанға ұқсайды", - деді учаске шебері Андрей Коломийчук.

Талқылау